19.04.2011, 15:37 4796

Ұлттық банкінде жаңадан екі комитет құрылды

Ұлттық банкінде жаңадан екі комитет құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 19 - сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық банкінде жаңадан екі комитет құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкінде жаңа тағайындаулар болды. Бұл туралы банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.

"Бүгін ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау комитеті мен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметі жөніндегі комитеті төрағасы міндетін атқарушыларды ұжымға таныстырдым. Олар - бұған дейін ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары болған Қуат Қожахметов пен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы төрағасының орынбасары болған Дархан Нұрпейісов", - деді Григорий Марченко.

Оның айтуынша, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінң төрайымы Елена Бахмутова "Қазына-Самұрық" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да жаңадан құрылатын Басқарушы компанияға жетекшілік жасайтын болады. Ал Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының төрағасы Иркен Арыстанов "Қазпошта" АҚ-ға ауыспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны