16.04.2014, 20:09 3500

Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің көлемі 7,5%-ға артты - Қ.Келімбетов

"2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық активтерінің көлемі 7,5 %-ға көбейіп, 26,5 млрд. долларды құрады", - деді К. Келімбетов.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында ҚР Ұлттық банкінің алтын валютасындағы активтерінің көлемі 7,5 %-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Ұлттық банктың төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық активтерінің көлемі 7,5 %-ға көбейіп, 26,5 млрд. долларды құрады", - деді К. Келімбетов.

Сонымен қатар ол, шетелдік валютадағы активтердің өсімін тілге тиек етті.

"2013 жылы Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активі 70,5 млрд. долларға дейін артып, өсім 20% құрады. Ал, 2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 3% құрап, 72,8 млрд. долларға жетті", - деп Ұлттық банк төрағасы хабарлады.

"Өздеріңізге белгілі болғандай, Елбасының тапсырмасы бар. Осыған орай, жақын арада Ұлттық банк пен Ұлттық қордың біріккен резерві 100 млрд доллар деңгейінедейін көтеріледі деп ойлаймыз", - деп ол өз ойын толықтырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны