10.10.2012, 16:59 3422

Ұлттық Банктің халықаралық қоры 1,7% артты

Нәтижесінде таза валюталық қор 2012 жылдың қыркүйегінде 0,5%-ға артты. Жүргізілген операциялар мен әлемдік нарықтағы бағасының артуына байланысты алтын активтері 7,1%-ға өсті.

Алматы. 10-қазан. Kazakhstan Today - Ұлттық Банктің жалпы халықаралық қоры 1,7% артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "2012 жылдың қыркүйегінде Ұлттық Банктің халықаралық қоры 30,1 млрд АҚШ долларын дейін артты. Ұлттық Банктің таза халықаралық қоры 1,7%-ға артып, 29,6 млрд АҚШ долларын құрады. Валютаның Ұлттық банктегі Үкімет шотына түсуі, Ұлттық Банктің шетел валютасындағы банктің корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың өсуі Үкіметтің сыртқы қарызын өтеу және Ұлттық қор ақтивтерін толықтыру бойынша операциялармен жартылай бейтараптандырылған болатын".

Нәтижесінде таза валюталық қор 2012 жылдың қыркүйегінде 0,5%-ға артты. Жүргізілген операциялар мен әлемдік нарықтағы бағасының артуына байланысты алтын активтері 7,1%-ға өсті.

Қыркүйекте елдің халықаралық қоры, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда 2,0%-ға 85,5 млрд АҚШ долларына артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны