01.02.2017, 15:21 4854

Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізімін әзірлеуге кірісті

Оныӊ айтуынша, шектен тыс бақылау мен табиғи монополиялар қызметін қадағалау арқылы бизнестіӊ шығындарын азайту жұмыстары жүргізіледі.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бақылаудан босату туралы ауқымды шаралар тізбегін іске асырады. Ол өз кезегінде шағын және орта бизнестіӊ экономикадағы үлесін арттырады деп мәлімдеді министрлік басшысы Тимур Сүлейменов,- деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында бизнес ортаны кеӊейту мен күшейтудіӊ түбегейлі қажеттілігін атап өтті. Негізгі стратегиялық мақсаттардыӊ бірі 2050 жылға дейін ШОБ-тіӊ ІЖӨ-гі үлесі 50%-ды құрауға тиіс. Президент бизнестіӊ басындағы қазіргі жүктеме жаӊа өсім моделін құруға жол бермейді деді. Үкіметтіӊ міндеті - 1 шілдеге дейін бизнесті бақылаудан босатуға бағытталған жүйелі жұмыс атқару.

"Жолдауда экономиканы бақылаудан босатуға басымдық берілген. Бұдан орта және шағын бизнес көп пайда табады. Ірі бизнес заӊ және салық бойынша бірнеше кеӊесшілер, басқа да консультанттардыӊ көмегіне жүгініп, бақылау нормаларынан жалтарып кете алады",- деді Сүлейменов.

1 шілдеге дейін бақылаудан босатудыӊ нақты шаралар тізбегі жария болады. "Қазір мұнымен айналысып жатырмыз",- деді министр.

Оныӊ айтуынша, шектен тыс бақылау мен табиғи монополиялар қызметін қадағалау арқылы бизнестіӊ шығындарын азайту жұмыстары жүргізіледі.

Оған қоса, "Бюджет басымдығы қайта қаралуы мүмкін. Тиімсіз бағдарламаларға кететін шығын, жаӊа жобаларға ауыстырылады",- деп атап өтті.

Сүлейменовтіӊ айтуынша Президенттіӊ бюджеттік процедураларды жетілдіру туралы айтқаны маӊызды.

"Қазір мемлекет экономикаға тым көп араласады. Біз экономикаға өте көп ақша құямыз. Бірақ бюджеттік заӊнама, мемлекеттік сатып алу заӊнамасы бюрократияланған. Ақша экономикаға, шынайы мердігерлерге, мектеп, бала-бақша, жолдар салатын компанияларға кеш жетеді. Бұл сапаныӊ төмендеуіне, игеру көлеміне және шын мәнінде көрсетілген қызметтер көлеміне кері әсер етеді" - деді министр.

Осы орайда, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкіндігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны