15.01.2014, 19:17 5203

Ұлттық экспорттық стратегия аясында Қазақстан экспорттаушыларын қолдау орталығы құрылады

Ұлттық экспорттық стратегия аясында Қазақстанның экспорттаушыларын қолдау орталығы құрылады, деп мәлімдеді ұлттық агенттік басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов бүгін баспасөз конференциясында.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Ұлттық экспорттық стратегия аясында Қазақстанның экспорттаушыларын қолдау орталығы құрылады, деп мәлімдеді ұлттық агенттік басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов бүгін баспасөз конференциясында.

"Бірінші кезекте шет елдерде отандық бизнесті қолдау желілерін құруға баса мән беріледі. Қазіргі жағдай көрсеткендей, Қазақстанда шет елдердегі отандық бизнесті қолдау желілері айтарлықтай дамымаған. Өздеріңізге мәлім, шет елдерде тек қана ресми және дипломатиялық елшіліктер ғана ашылған. Ал бизнестің дамуына жағдай жасайтын институттар жоқ. Сәйкесінше, бізге белсенді және жемісті түрде өз қызметімізді жүргізу үшін шет елдерде қазақстандық бизнеске қолдау көрсететін халықаралық желілер жетіспейді", - деді М.Майкенов.

Төраға орынбасарының айтуынша, аталмыш бағыттағы жұмыстар екі форматта жұмыс істейді: мемлекеттік - негізгі 12 елдегі елшіліктерде сауда атташелерін енгізу, сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы бизнес-әдіс.

Агенттіктің мәліметінше, қазақстандық экспорттың негізгі басымдылық берген 12 елі анықталған. Олар: Ресей мен оның шекаралас өңірлері, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Армения, Изірбайжан, Грузия, Қытай мен оның батыс өңірлері, Ауғанстан, Иран мен ЕО нарығы.

Майкеновтың айтуынша, аталмыш желілер қызметі елдің экспорттың әлеуетін 10 пайызға дейін арттырмақ.

"Аталмыш 12 елдегі елшіліктерде міндетті түрде сауда мамандары жұмыс істеулері керек. Яғни, кәсіпкерліктердің мүдделерімен сауда орындары, техникалық қолдау кеңестері мен кеңселер болуы мүмкін. Аталмыш жүйе бизнестің сұранысын қанағаттандырып, барынша ыңғайлы болуы керек", - деді Майкенов.

Оның айтуынша, аталмыш бағыттағы жұмыстар Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп атқарылады.

Айта кету керек, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "KAZNEX INVEST" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігімен біріге отырып ҚР Ұлттық экспорт стратегиясын дайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны