31.01.2014, 18:09 3385

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн-университет ашады

"Біздің ойымызша, ғаламтор арқылы білім беру бүгінгі таңда өте маңызды. Мемлекет басшысы айтқан шағын кәсіпкерліктің орта кәсіпкерлікке ауысуына мұның әсері зор. Шағын кәсіпкерліктің ортаға ауысуының басты факторы ақпараттандыру мен құзіреттіліктің артуы. Мұнда біз кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн-университет ашу жобасы туралы мәселе көтерудеміз", - дейді А.Мырзахметов.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн - университет ашады, деп мәлімдеді ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов.

"Біздің ойымызша, ғаламтор арқылы білім беру бүгінгі таңда өте маңызды. Мемлекет басшысы айтқан шағын кәсіпкерліктің орта кәсіпкерлікке ауысуына мұның әсері зор. Шағын кәсіпкерліктің ортаға ауысуының басты факторы ақпараттандыру мен құзіреттіліктің артуы. Мұнда біз кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн-университет ашу жобасы туралы мәселе көтерудеміз", - дейді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, бұдан бөлек қазірде "Бизнес мектептер" құру бойынша қанатқақты жобалар іске асырылуда.

Аталмыш жоба Шығыс Қазақстан облысында іске қосылған. 6 сынып оқушылары кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, кәсіпкерліктерге экскурия да жасауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны