23.02.2017, 19:15 7299

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тау-кен және металлургия өнеркәсібініӊ даму мақсаттарын анықтады

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетініӊ төрағасымен өткен жұмыс кездесуі барысында саланы дамыту мәселелерін талқылады.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетініӊ төрағасымен өткен жұмыс кездесуі барысында саланы дамыту мәселелерін талқылады.

"Геологиялық барлау Қазақстанда 20 мыӊ адамды біріктірген кәсіби әрі бәсекеге қабілетті сала болғаны анық. Қазір әрине тереӊ сараптама жасау әдістерді, геологиялық зерттеулерді үлгілеуді қолданатын технологиялар дамып кетті. Бізде геологиялық ғылым артта қалып отыр. Қазір кен игеру компанияларын геологияға мүмкіндік беріп отырмыз. Бұл мені алаӊдатып отырған жағдай. Өйткені, жұмысты кім істейді? Тағы шетелдік компанияларды шақырамыз ба? Өкінішке орай, біз мамандарымызды жоғалттық, тәжірибеміз азайды. Бәрін қалпына келтіруіміз керек. Өйткені, геология - Қазақстан үшін үлкен бизнес", - деді Тимур Құлыбаев.

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасыныӊ Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетініӊ төрағасы Николай Радостовецтіӊ айтуынша, энергетикалық нарықтыӊ анық стратегиясынсыз экономика салаларын ары қарай дамыту мүмкін емес. Кен игеру секторыныӊ негізгі проблемалары: салық заӊнамасына өзгертулер енгізу, темір жол тасымалы мен газ тасымалдау қызметтері бағасыныӊ өсуіне әсер ететін шығындарды төмендету, жаӊартылатын энергия көздері саласындағы заӊнаманы жетілдіру.

"Атамекен" ҰКП басшысы атап өткендей, тарифтіӊ құрылуы қосымша қуаттардыӊ қосылуына, энерготиімділікті жоғарлатуға тікелей байланысты.

"Алдағы он жылдықта саланыӊ қажеттілігі мен энергоқуаттылығыныӊ көлемін анықтау қажет. Елімізде энерготиімділік мәселелері әлі қолға алынған жоқ. Негізі бұл жерде үлкен резерв бар. Біз өндірісіміздіӊ электр қуатын тұтынуды және энергетикалық тиімділігін жақсартамыз. Оныӊ арқасында артық қуат болады", - деді Тимур Құлыбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны