23.01.2015, 14:30 4128

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Ұлттық Банкі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Құжатта аталып өткендей, тараптар Қазақстанныӊ инвестициялық климатын жақсарту, қаржы секторыныӊ тұрақтылығы, отандық бизнес үшін қорландырудыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша сенімді механизмдер құру бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Құжатта аталып өткендей, тараптар Қазақстанныӊ инвестициялық климатын жақсарту, қаржы секторыныӊ тұрақтылығы, отандық бизнес үшін қорландырудыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша сенімді механизмдер құру бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ынтымақтастық сонымен қатар, әсіресе өӊірлерде, қаржы қызметтерін, қаржы нарқын дамытуға, сонымен бірге жекешелендіру жүргізу жолымен, халықтыӊ қаржылық сауаттылығын көтеруге, түйткілді қарызгерлер мен қаржы нарығыныӊ кәсіпқой қатысушыларын қоса, қаржы қызметтерін тұтынушылар арасында ашық сұхбат құруға бағытталатын болады. Тараптар өзара әрекеттестік бағыттарыныӊ тізбесі ашық және екі жақты келісім бойынша толықтырылуы мүмкін болады деп келісті, деп хабарлайды www.palata.kz тілшісі.

ҚР ҰКП және ҚР ҰБ арасындағы өзара әрекеттестік жеке кәсіпкерлік субъектілерініӊ мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге бірлесе қатысу, сонымен қатар тараптар өкілдерініӊ бірлескен іс-шаралар мен жұмыс топтарына қатысуы формасында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Корпоративтік басқару кодексініӊ, Кәсіпкерлерге арналған әдеп кодексініӊ жаӊа редакцияда даярлау, сондай-ақ корпоративтік басқару және кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізудіӊ ашықтығы мәселелері бойынша стандарттар мен түсіндірулер даярлау белгіленіп отыр.

"ҰКП міндеті - бүгінде күрделі кезеӊді бастан кешіп жатқан кәсіпорндарымызға жәрдем көрсету. Рубль девальвациясы отандық бизнестіӊ бәсекеге қабілеттілігіне салмақты әсерін тигізуде. Біз Үкімет, қаржылық реттеуші және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті қолдау бойынша бірыӊғай ұстанымда болу үшін, оларда тікелей әрі жанама механизмдердіӊ тиімді тізбесі болуы үшін, Ұлттық банкпен сындарлы сұхбат құрып, жұмыс жасауға әзірміз. Осылайша күш біріктіргенде ғана ағымдағы сынақтарды жеӊіп шығып, Елбасымыздыӊ экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыра аламыз. ҰКП және Қазақстанныӊ Қаржыгерлер қауымдастығы өз тарапынан қаржы секторыныӊ шоғырландырылған жайғасымын қамтамасыз етуге даяр", - деп атап өтті ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП және ҚР ҰБ басшылығыныӊ стратегиялық мәселелерді талқылау үшін кездесуі тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіліп тұратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны