23.02.2009, 15:36 2684

Ұлттық компаниялар мен жергілікті кәсіпорындардың арасында жалпы сомасы 32 млрд теңгеге келісімдер жасалды

Ұлттық компаниялар мен жергілікті кәсіпорындардың арасында жалпы сомасы 32 млрд теңгеге келісімдер жасалды

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық компаниялар мен жергілікті кәсіпорындардың арасында жалпы сомасы 32 млрд теңгеге келісімдер жасалды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП-да өтіп жатқан қазақстандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің жалпы ұлттық форумында үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

Оның атап көрсеткеніндей, мемлекеттік сатып алулар 4 бағытқа бөлініп отыр - мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе құрушы ұйымдар жүзеге асыратын сатып алулар. Олардың орындалуына Индустрия және сауда министрлігі мен әкімдер мониторинг жүргізіп, сол арқылы ішкі сұранысты ынталандыратын болады. Бұл тұрғыда ынталандырудың, мониторинг, реттеу мен бақылау жүргізудің бірегей заңнамалық нормативтік жүйесін құру жоспарланып отыр", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны