13.10.2008, 13:34 1660

Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді - Назарбаев (толықтырылған нұсқасы)

Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді - Назарбаев (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкімет бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелеріне назар шоғырланлыруға тиіс. Бірінші кезектегі шараларды қаржымен қамтамасыз ету үшін үкіметке Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда $10 млрд бөлінеді ", - деді Н. Назарбаев.

"Осыған байланысты мен үкіметке экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында стандарттан тыс шешімдер қабылдауға мұрсат беремін", - деді ол.

"Бірақ осындай мүмкіндіктермен бірге үкімет пен Ұлттық банкке экономика, қаржылық жүйе мен әлеуметтік саланың ахуалына қатысты дербес жауапкершілік жүктеледі", -деді президент.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың қаржысы "жай ғана емес, дәйектеліп келісілген тұрақтандыру бағдарламасына бөлінеді". "Біз қаржыны қайда бағыттап жатқанымызды білгенде ғана оны бөлетін боламыз", - деді мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлттық қор 2000 жылы құрылған. 2008 жылдың 1 шілдесінде Ұлттық ор есепштында 3 трлн 198 млрд теңге ( $26 млрд) жиналды. Бұл қаржыны Ұлттық банк шетелдік активтерге айналдыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны