28.08.2012, 14:58 2961

Ұлттық қордағы қаржы 2015 жылға қарай 100 млрд доллардан асып жығылады

Ұлттық қордағы қаржы 2015 жылға қарай 100 млрд доллардан асады. Бұл туралы үкіметтің сейсенбідегі отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Ұлттық қордағы қаржы 2015 жылға қарай 100 млрд доллардан асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық қордағы қаржы 2015 жылға қарай 100 млрд доллардан асады. Бұл туралы үкіметтің сейсенбідегі отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттелетін қаржы көлемі де нақтыланды: 2013 жылы - 1 трлн 380 млрд теңге, 2014-2015 жылдары - 1 трлн 188 млрд теңге.

Бұрын хабарланғандай, Ұлттық қордағы қаржы шілде айында 3,7% (жыл басынан бері - 22,1%) артып, 53 млрд 265 млн долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны