26.02.2010, 17:39 3113

Ұлттық қордан Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын $8 млрд дейін қаржы бөлінеді - президент

Ұлттық қордан Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын $8 млрд дейін қаржы бөлінеді - президент

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Ұлттық қордан Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын $8 млрд дейін қаржы бөлінеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ұлттық қордан Қазақстанның индустриялық-инновациялық серпінді даму бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын $8 млрд дейін қаржы бөлінеді, сонымен бірге бюджеттен қаржы бөлінеді", - деді Н. Назарбаев.

Ол еске салып өткендей, "Қазақстанның алтынвалюта резервтері бүгінгі жағдаймен $52 млрд құрайды". "Демек, біздің мүмкіндіктеріміз бар, тек баршамызға жұмыс істеу керек", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Н. Назарбаев бұл бағдарламаны таяу уақыттарда бекітуге ниет білдірді. "Іс жүзінде бағдарлама толық қамтамасыз етілген, кәсіпорындар іріктелді, үкімет өткен жыл бойы тынымсыз жұмыс істеді және бұл аса күрделі жұмыс болды", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны