15.08.2006, 14:26 3044

Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасына көшуге байланысты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелер оны толықтыру тәртіптерін үйлестіруге тиіс

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасына көшуге байланысты Ұлттық банк пен тиісті мемлекеттік мекемелер бірлесіп оны толықтыру тәртіптерін үйлестіруге тиіс. 2006-жылдың І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық даму қорытындысы бойынша өткен үкіметтің отырысында бүгін президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа тәртібі енгізілуге байланысты мұнай саласынан түскен бүкіл салық Ұлттық қорға аударылатындықтан қорды толықтыру үшін Ұлттық банк ірі көлемде валюта сатып алу арқылы валютаға қосымша сұраныс туғызып отыр",- деді И.Жақсыбеков. "Ал валюта нарығындағы ахуал соңғы екі айда тұрақсызданып, теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірде өссе, енді бірде шұғыл арзандауда",- деді ол.

Осыған байланысты президент әкімшілігі жетекшісінің пікірінше, "Ұлттық банк Ұлттық қордың жаңа тетігін тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп егжей-тегжейлі дәйектеуге тиіс".

"Бағамның мұндай ауытқуына жол бермеу үшін іс-әрекеттер өзара үйлестірілуге тиіс. Мұнай саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар ақшасының Ұлттық қорға аударылуына қатысты нақты жоспар жасалуға тиіс",- деді И.Жақсыбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны