08.09.2006, 12:24 2790

Ұлттық қордың активтері 2009-жылы 29,8 млрд. доллардан асады - үкіметтің болжамы

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ұлттық қордың активтері 2009-жылы 29,8 млрд. доллардан асады. Үкімет мұндай мәліметті бүгін "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының мәжілістегі тұсаукесерінде жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үкіметтің болжамына сәйкес, 2007-жылы Ұлттық қорға аударылатын түсімдер 842 170 млн. теңгені, 2008-жылы - 919 077 млн. теңгені, 2009-жылы - 1 044 886 млн. теңгені құрамақ.

Ұлттық қордың активтері 2007-жылы 539 296 млн. теңгеге, 2008-жылы - 576 418 млн. теңге, 2009-жылы - 706 557 млн. теңгеге артады деп күтілуде.

Үкіметтің есебіне сәйкес, Ұлттық қордың активтері 2007-жылдың аяғында 2 203 746 млн. теңге ( $18 835 млн.) болмақ. 2008 -жылдың аяғында ол 2 780 164 млн. теңге ($23 762 млн.), 2009-жылдың аяғында 3 486 720 млн. ($29 801 млн.) теңгеге жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны