05.02.2015, 21:59 4254

Ұлттық қордыӊ активтері 3,9 пайызға өсіп, 73,6 млрд. АҚШ долларын құрады

2014 жылы ҚР Ұлттық банкініӊ жалпы халықаралық резерві 28,9 млрд. АҚШ долларына, яғни 17,0 пайызға артты. Ал Ұлттық қордыӊ активтері 2014 жылы 3,9 пайызға өсіп, алдын ала деректер бойынша 73,6 млрд. АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметі

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 2014 жылы ҚР Ұлттық банкініӊ жалпы халықаралық резерві 28,9 млрд. АҚШ долларына, яғни 17,0 пайызға артты. Ал Ұлттық қордыӊ активтері 2014 жылы 3,9 пайызға өсіп, алдын ала деректер бойынша 73,6 млрд. АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы, 2014 жылы Қазақстанныӊ халықаралық резерві, Ұлттық қордыӊ активтерін қосқанда, 7,3 пайызға, яғни 102,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2014 жылы ақша базасы 20,8 пайызға ұлғайып, 3 413,6 млрд. теӊгені құрады. Ақша базасыныӊ кеӊейтілуі таза халықаралық резервтердіӊ өсуіне септігін тигізді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сонымен қатар, 2014 жылы ақша көлемі банк жүйесініӊ ішкі және сыртқы активтерініӊ ұлғаюына байланысты 10,5 пайызға, яғни 12 816,3 млрд. теӊгеге дейін өсті. Ақша мультипликаторы 2013 жылдыӊ желтоқсанында 4,10-нан 2014 жылдыӊ желтоқсан айыныӊ қорытындысы бойынша 3,75 коэфициентке дейін төмендеді. Бұған 2014 жылы тіркелген ақша көлемініӊ өсу қарқынымен салыстырғанда ақша базасыныӊ кеӊею қарқынын едәуір арттыру арқылы қол жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны