25.07.2012, 18:49 3022

Ұлттық қордың жылдық орташа кірістілігі 4,51 пайызды құрайды

"Ұлттық қордың жылдық орташа кірістілігі 4,51 пайызды құрайды", - дейді Г.Марчекнко.

Алматы. 25-шілде. Kazakhstan Today - Ұлттық қордың жылдық орташа кірістілігі 4,51 пайызды құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген онлайн-конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Ұлттық қордың жылдық орташа кірістілігі 4,51 пайызды құрайды", - дейді Г.Марчекнко.

Бас банкирдің айтуынша, Ұлттық қордың жинақтаушы қоржынындағы активі, шетелдік валютада номиналданған қазіргі таңда өтімділігі жоғары облигациялар мен акцияларға инвестицияланған. Жалпы Ұлттық қордың активтері әлемнің 10-нан астам валютасына инвестицияланған болатын. Григорий Марченконың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Ұлттық банк Үкіметпен бірге Ұлттық қордың активтерін одан әрі әртараптандыру мүмкіндіктерін зерттеуде. Оның ішінде корпоративтік бағалы қағаздарға, дамушы елдердің құнды қағаздарына және баламалы инвестицияларға құю жайы қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны