11.03.2011, 16:21 3896

Ural Group Limited компаниясының 50 пайыз акциясын ҚМГ БӨ сатып алмақ

Ural Group Limited компаниясының 50 пайыз акциясын ҚМГ БӨ сатып алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Ural Group Limited компаниясының 50 пайыз акциясын ҚМГ БӨ сатып алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, UGL Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының іргесінде және бірқатар қолданыстағы ірі кен орындарына жақын орналасқан Федоров блогында көмірсутектеріне барлау жүргізу құқығына ие "Урал Ойл энд Газ" (УОГ) ЖШС-нің 100 % қатысу үлесінің иесі болып табылады.

UGL-дегі 50 % акцияны сатып алу құны 149,1 млн. АҚШ долларын құрайды және акциялар үшін 61,3 млн. АҚШ долларын және Акционерлік займдар бойынша (2010 жылдың 1 қаңтары күнгі жағдай бойынша) талап ету құқығы үшін 87,8 млн. АҚШ долларын қамтиды.

Мәміленің шарттары бойынша, Акционерлік займдар коммерциялық өндіру басталғаннан кейін ҚМГ БӨ пайдасына төленеді. EVL компаниясының жұмыс бағдарламаларын мәміле жабылған күнге дейін қаржыландыруына байланысты, Акционерлік займдар үшін сыйақылардың түпкілікті бағасы өзгертуге жатады. Мәміле ҚМГ БӨ өз қаржысы есебінен қаржыландырылады.

УОГ 2014 жылға дейінгі мерзімде қолданыстағы және одан әрі көмірсутегі шикізаттарын өндіруге келісім жасау құқығы бар жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес, Федоров блогында барлау жұмыстарын жүргізеді.

2008 жылы Федоров блогының аумағында Рожковское мұнайгаз конденсатты кенорны табылды, қазіргі таңда УОГ оған бағалау жүргізуде. ҚР Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен 2010 жылдың соңындағы қорлардың есебіне сәйкес, Федоров блогында С1+С2 санаты бойынша алынған газ және конденсаттың жалпы қоры 203,4 млн. баррель мұнай баламасын құрайды. Федоров блогының аумағы арқылы Газпром компаниясының "Орынбор-Батыс Еуропа" магистралді газ құбыры өтеді. Одан бөлек, Федоров блогының жанынан "Атырау-Самара" экпорттық магистралді мұнай құбыры, сондай-ақ Каспий құбыр желісі консорциуымының жүйесі арқылы әлемдік рынокқа шығуға мүмкіндік беретін "Қарашығанақ-Атырау" құбыр желісі өтеді.

ҚМГ БӨ бас директоры Кенжебек Ибрашев былай деп мәлімдеді: "Біз Федоров блогын болашағы зор ірі актив ретінде бағалап отырмыз. Аталған блоктың үлесін сатып алу біздің белсенді дамуға талпынып отырған жаңа аймаққа шығуымызды білдіреді. Бұл мәміле ҚМГ БӨ барлау активтерінің қоржынын сәтті толықтырады және белсенді геологиялық барлау есебінен қорлардың артуына жеделтеуге басымдық беріп отырған Компанияның стратегияларын жүзеге асырудағы кезекті қадам болып табылады".

Сатып алу ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі мен EVL Директорлар кеңесінің шешімдерімен бекітілді және мемлекеттік реттеуші органдардың мақұлдауына жатады. Қазірдің өзінде қажетті мақұлдаулардың бірқатары алынды. Қалған мақұлдаулар алынғаннан кейін мәмілені жабу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны