25.09.2007, 14:23 3325

USAID және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-да зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша консультациялар өтті

USAID және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-да зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша консультациялар өтті.

Астана. 25-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы мен АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) арасындағы бірлескен ынтымақтастық шеңберінде үстіміздегі жылдың 18 және 21-қыркүйек аралығында зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша консультациялар өтті. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, "консультация Бүкіләлемдік сауда ұйымының жан-жақты келісімдер департаментінің сарапшысы Марина Сиротина мен зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы USAID сарапшысы Наиля Джайзафарова арасында өтуде". "Консультациялар барысында сарапшылар Қазақстан Республикасының "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шыққан жерінің аталуы туралы" Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша заң жобасын жасау секілді мәселелермен қатар, зияткерлік меншік құқығы саласындағы өзге де мәселелер қаралды", - деп көрсетілген дүйсенбі күні таратылған баспасөз баянында.

Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, бұл шараның басты мақсаты "аталмыш заңды ТРИПС келісіміне (зияткерлік меншік құқығының сауда аспектілері бойынша дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі) сәйкестендіру".

Орталық сарапшылары мен USAID өкілдері арасындағы зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша консультациялар Қазақстан Республикасының заңнамасының халықаралық нормаларға, оның ішінде ТРИПС келісіміне сәйкестігін жалпылай бағалау мәселелеріне орай үстіміздегі жылдың тамыз айында өткізілді.

"Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ -ын Қазақстан үкіметі еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтсуі туралы келіссөздерді талдаулармен қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің жанынан 2006 жылдың маусым айында құрған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны