17.09.2009, 17:24 2915

Үш банк шағын және орта бизнесті қолдауға арналған қаржыдан 82 млн астам теңгені негізсіз кәсіпкерлерге бөлген - Бас прокуратура

Үш банк шағын және орта бизнесті қолдауға арналған қаржыдан 82 млн астам теңгені негізсіз кәсіпкерлерге бөлген - Бас прокуратура

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның үш коммерциялық банкі шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет арнаған қаржыдан 82 млн астам теңгені негізсіз кәсіпкерлерге бөлген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Қазкоммерцбанк" АҚ, "Нұрбанк" АҚ мен "БТА Банк" АҚ шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет арнаған қаржыны мақсаттан тыс пайдалануға жол берген. Жалпы көлемі 82 млн 110 мың теңгенің 4 несиесі кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға байланысы мүлдем жоқ, тұтынымдық мақсатқа берілген", - деді Н. Сүйіндіков.

Оның айтуынша, "Темірбанк"АҚ, "Банк ЦентрКредит"АҚ, "АТФБанк" АҚ мен "Kaspi bank" АҚ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру ставкасын заңсыз төмендетуге жол берген. "Жалпы көлемі 17 млн астам теңгенің шығынына тосқауыл қойылды", - деді ол.

"Ал сонымен бірге "БТА Банк" АҚ, "Еуразиялық Банк" АҚ, "АТФ Банк" АҚ мен "Kaspi bank" АҚ халықтың әлеуметтік осал тобына қатысты 11%-дық аса жоғары ставканы негізсіз қолданған", - деді өкіл.

Н. Сүйіндіковтың хабарлауынша, сонымен қатар, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға арналған қаржыны "Қазақстан Халық банкі" АҚ мен "Kaspi bank" АҚ тұтынушылық несиелер мен айрықша қажеттілікке арналған несиелерді қайта қаржыландыру мақсатына негізсіз пайдаланған. "Банктердің заңсыз пайдалануына қатысты барлық 11 осындай дерек бойынша 30,4 млн теңге анықталып, тиісті несиегерлерді қаржыландыруға жұмсалды", - деді ол.

"Банктердің жекелеген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылды, заң бұзушылықтарды жою жұмыстары одан әрі жалғасуда", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны