12.03.2013, 13:49 3346

Үш жылда "БЖК-2020" аясында несие қоржыны 528,8 млрд теңгені құрады

Өз сөзінде ол бағдарлама аясында ашылған жобалардың өндірісі толық қуатта іске қосылмағандығын тілге тиек ете отыра, аталған индикатордың 2015 жылы орындалатын айтты.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы іске қосылған үш жылдың ішінде субсидиялау бойынша несие қоржынының жалпы сомасы 528,8 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Бүгін үкімет отырысы барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

"Бағдарлама іске асырыла бастағанынан бері 3 жылдың ішінде субсидиялау бойынша несие қоржынының жалпы сомасы 528,8 млрд теңгені құраған. Бұл алдын ала жоспар бойынша белгіленген индикатордан 33%-ға артық. Екінші индикатор ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 12,5% деңгейінде болатын. Республика бойынша аталмыш көрсеткіштің 11,4%-ды құрайтынын атап өткен жөн. Аймақтар бойынша алғанда бұл индикатор бойынша көрсеткіш 7 облыста артып отыр. Нақты атап өстек: Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола және Жамбыл облыстары", - деді Л.Ибрагимова өз баяндамасында.

Өз сөзінде ол бағдарлама аясында ашылған жобалардың өндірісі толық қуатта іске қосылмағандығын тілге тиек ете отыра, аталған индикатордың 2015 жылы орындалатын айтты.

"Үшінші, сыртқа шығырылатын шикізат емес өнімдердің үлесі жалпы экспорт мөлшерінің 26,8%-ын құрайды. Аймақтар бойынша алғанда бұл индикатор 8 облыста артып отырғанын көруге болады. Осы ретте Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және көрсеткіші 70%-дан артқан Павлодар облыстарын атап өтуге болады", - деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны