14.12.2010, 16:11 4035

Үстіміздегі жылдың он айында Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд АҚШ долларын құрады

Үстіміздегі жылдың он айында Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін 2010 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысына арналған Үкімет отырысында ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдың он айында Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін 2010 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысына арналған Үкімет отырысында ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылдың 10 айында Қазақстан мен Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд. АҚШ долларын құрған, ал оның 90 пайыздан астамы Ресей еншісінде болып отыр", - деп атап өтті министр.

Ведомство басшысының айтуынша, 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, Ресеймен тауар айналымы 1,3 есеге, Беларуспен - 1,4 есеге артқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны