06.05.2009, 14:47 3052

Үстіміздегі жылдың өрт қаупі бар маусымының басынан бері 132 гектар аумақта 34 өрт шыққан

Үстіміздегі жылдың өрт қаупі бар маусымының басынан бері 132 гектар аумақта 34 өрт шыққан

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың өрт қаупі бар маусымының басынан бері 132 гектар аумақта 34 өрт шыққан, оның екеуі- ірі орман өрті. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінде "Орманды өрттен қорғаудың өзекті сұрақтары" деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Орман және ерекше қорғауға арналған табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы Серік Тұрымбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Ковальдің айтуынша, Республика бойынша 2008 жылы болған ірі орман өрттерін талдау орман өртінің 80% адамдардың кінәсынан болатындығын көрсетті. Былтырғы жылы ормандарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушы 391 адамға 4987 мың теңге айыппұл салынды, оның 342 құқық бұзушыдан 3663 мың теңгесі өндіріліп алынды, ол барлық салынған айыппұлдың 74% құрайды.

49 құқық бұзушыға 1571 мың теңгеге талап-қуыным беріліп, оның 955,8 мың теңгесі 36 құқық бұзушыдан өндірілді (62%).

Орман өрті - бұл үлкен апат, ол тек қана орманға зиян келтірмейді, сонымен қатар қоршаған ортаға да зияны тиеді. 2008 жылы орман өртінен болған шығын республика бойынша 586896 мың теңгені құрады.

Орманда өрт қаупі туындау мүмкіндігін болғызбау үшін жергілікті тұрғындар, демалушылар, көлік жүргізушілері орманда от жақпау, жанған шырпы мен темекі қалдықтарын тастаудан сақ болулары керек. Ормандағы жұмыс үшін қолданылатын механикалық көлік құралдары өрт сөндіргіш және ұшқын өшіргіш құралдармен жабдықталуы қажет.

Өткен жылдардағы орман өртінің статистикасы өрт шегінің сәуірдің аяғына мамырдың басына және тамыз, қыркүйек айларына, яғни көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңіне келетінін көрсетті.

Орман өрттерінің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар аңыздарды өртеуде, сондай-ақ көктемгі және күзгі егіс жұмыстарын жүргізген кезде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етулері қажет.

Ауыл шаруашылығы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ретінде "2008 жылдың өрт қаупі бар маусымының қорытындылары және 2009 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық жөніндегі міндеттер туралы" 2009 жылдың 30 қаңтарында № 22 бұйрықты қабылдады. Осыған сәйкес аумақтық органдар мен комитетке ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, облыстық әкімдіктердің орман шаруашылығы құрылымдық бөлімдері және басқа да мемлекеттік орман иеленушілер 2009 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық жөнінде іс-шаралар жүргізді, сондай-ақ орман өрттерімен күрес жөнінде басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен біріккен іс-шаралар жоспары келісілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны