12.06.2013, 15:27 3315

Үстіміздегі жылдың соңына дейін ҚР кен орындарына Германия инвесторлары келеді деп күтілуде

Германияның инвесторлары ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанның кен орындарына келу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау "Astana Mining & Metallurgy" IV Халықаралық тау-кен металлургия конгресінің аясында өткен баспасөз конференциясында.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдың соңына дейін ҚР кен орындарына Германия инвесторлары келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Германияның инвесторлары ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанның кен орындарына келу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау "Astana Mining & Metallurgy" IV Халықаралық тау-кен металлургия конгресінің аясында өткен баспасөз конференциясында.

"Біз Геология және ақпарат комитетіндегі қолжетімді 50 кен орынан тұратын тізімді ұсындық. Мамандар Германияда зерттеу жүргізіп, сол кен орындарын аралап жүр, сондықтан күзге қарай олар неміс бизнесін қандай кен орындары қызықтыратынына қатысты қортынды береді деген үміттеміз", - деді А.Рау.

Бірінші вице-министр атап өткендей бұл мыс тобындағы металдарға және сирек кездесетін металдарға қатысты.

"Осы қатардан Германия үшін осылар көбіне сұранысқа ие. Бұл менің берген бағам", - деп нақтылады А.Рау.

Германия компанияларының отандық ТКМК-не қатысты қызығушылығына тоқталатын болсақ, оның айтуынша, нақты бір мәселе бар. "Олар шикізатты жүйеден баяғыда шығып кеткен. Оларда сұраныс пен технологиялар бар, бірақ ТКМК-не олар іске қосылмаған", - деп толықтырды өз сөзін ИЖТМ басшысының орынбасары.

Вице-министр айтып кеткендей, Германияда "компаниялардың альянстары - шикізаттық ресурстарды пайдаланатын автомобиль құрастырудың, электрониканың негізгі тұтынушылары" құрылуда. "Осы альянстар біздің кен орындарына кіруге қатысты Германияның мүдделерін ұсынады деп ойлаймын", - деп қортындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны