30.10.2007, 18:07 3236

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бюджетке 463,2 млрд теңге қосалқы құн салығы түскен (толықтырылған нұсқа)

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бюджетке 463,2 млрд теңге қосалқы құн салығы түскен (толықтырылған нұсқа)

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бюджетке 463,2 млрд теңге Қосалқы құн салығы түскен. Бұл туралы үкімет отырысында сөз сөйлеген қаржы вице-министрі Даулет Ерғожин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бюджетке 463,2 млрд теңге көлемінде Қосалқы құн салығы, немесе жоспардың 101,4 пайызы түскен",- деді Д. Ерғожин.

"Импортталған тауарларға салынған Қосалқы құн салығының көлемі 330,7 млрд теңгені құраған, және де өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда түсім 81,8 млрд теңгеге өскен",- деп қосты ол.

Ел ішінде өндірілген тауарларға салынған Қосалқы құн салығының түсімі, вице-министрдің ақпараттарына сүйенсек, 132,5 млрд теңгені құраған, бұл 2006 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 27,3 млрд теңгеге артық.

"2007 жылдың 1-қазанында Қосалқы құн салығын бюджеттен өтеп беру 119,6 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылғы осы тектес кезеңдегі көрсеткіштен 17,7 млрд теңгеге артық",- деді Д. Ерғожин. Ол сондай-ақ "жалпы салық түсімі өткен жылмен салыстырғанда 45 млрд теңгеге өскен", деп атап өтті.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, корпоративтік кіріс салығы бойынша жоспар 108,5 пайызға орындалған.

Сондай-ақ вице-министр, "2007 жылдың 1-қазанындағы жағдаймен салық берешегі 51,6 млрд теңгені құрағандығын және жыл басымен салыстырғанда 3,6 млрд теңгеге немесе 7,6 пайызға өскендігін" атап өтті. "Жалған кәсіпкерлікті есепке алмағандағы берешек 28 млрд теңгені құрайды немесе жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға төмендеген",- деп қосты ол.

Д. Ерғожиннің ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың 9 айында "салық тексерулері нәтижесіндегі өндіріп алынған қаржының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге - 16 млрд теңгеден 35 млрд теңгеге дейін өскен".

"Арнайы бөлімдердің ірі компанияларға жүргізген кешенді тексерулерінің нәтижесінде жыл басынан бері қосымша өндіріп алған салық 384 млрд теңгені құраған",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны