27.10.2016, 20:58 5350

Үздік тоқымашылар мен дизайншылар Шымкенттіӊ "Көрме" орталығында жиналды

Көрмеге әлемніӊ 10 мемлекетінен 50 компанияныӊ 2000-нан астам өкілі қатысты. Көрме бағдарламасында жаӊа сандық әмбебап техника мен өнеркәсіптік тігін құрал-жабдықтарыныӊ тұсаукесерлері жасалды

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығында Machtex-2016 атты тоқыма өнеркәсібініӊ тауарлары мен құрал-жабдықтарына арналған көрме өтті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Көрмеге әлемніӊ 10 мемлекетінен 50 компанияныӊ 2000-нан астам өкілі қатысты. Көрме бағдарламасында жаӊа сандық әмбебап техника мен өнеркәсіптік тігін құрал-жабдықтарыныӊ тұсаукесерлері жасалды.

Іс-шараныӊ салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ айтуынша, соӊғы 5 жылда өӊірдегі тоқыма кәсіпорындарыныӊ өндірістік қуаттылығы екі есе өскен. Осылайша өӊір бұл салада еліміз бойынша көшбасшылық орынға көтерілді.

"Біздіӊ өӊірдіӊ ерекшелігі - мақта өндіреміз. Бұл жеӊіл өнеркәсібі үшін әлеуетіміз зор деген сөз. Қазір мәселен, кілем өндіретін 2 фабрика жұмыс істейді. Жылдыӊ 9 айында бұл индустриядағы өсім 110% құрады",- деді облыс әкімі.

"Өӊірде жеӊіл өнеркәсіпті дамыту үшін "Оӊтүстік" арнаулы экономикалық аймағы құрылған. Оныӊ аумағы 200 гектарға жетеді. Бұл аймақта инфрақұрылымды құру толығымен аяқталған. Онда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда",- дейді облыстыӊ кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасыныӊ өнеркәсіп бөлімініӊ бастығы Хикматилла Райымбеков.

"Мұнда мен балалар киімін, байпақ-шұлықтар, тіпті үйге арнап кілемше де сатып алдым. Бәрі де сапалы және бағасы да тым қымбат емес",- дейді көрмеге келген Перизат Бұхарбаева.

Өӊірдіӊ инвестициялық әлеуетін талқылау үшін ұйымдастырушылар форум өткізді. Фабрикалардыӊ өкілдері еӊбек тиімділігін арттыру және тігін өнеркәсібіндегі өнімділікті арттыру жайын талқылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында тоқыма өнеркәсібіне арналған халықаралық көрме өтуде.

Бүгін Шымкент қаласында "Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар - MACHTEX-2016" II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы өтуде, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Екі күнге жалғасатын халықаралық көрменіӊ ашылу салтанатына қатысқан Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев "Machtex 2016" көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылатынын айтты.

Көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен 50-ден астам компания қатысуда.

"Machtex 2016" көрмесініӊ қатысушылары тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдық, мата мен ұсақ - түйек заттар, өнеркәсіп компанияларына арналған арнайы киім, сервистік қызмет көрсетуге арналған бірыӊғай формалар мен мектеп формасын, ұлттық киім, балалар мен үйге арналған тоқыма және кілем өнімдерін, ерлер мен әйелдерге арналған киім кешектер ұсынуда.

Форум аясында Қазақстан Республикасында жеӊіл өнеркәсіпті дамытудыӊ болашағы мен дамуы жайы және тоқыма өнеркәсібініӊ инвестициялық әлеуетін арттыруға арналған тәжірбиелік жұмыстар өткізіледі. Аталған форум жұмысына осы саланыӊ 2 мыӊнан астам мамандары қатысады.

Айта кетейік, бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстан облысында 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын "Азала текстиль" фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар іске қосылған.

Шымкенттегі "Оӊтүстік" АЭА-та бүгінде құны 27,8 млрд. теӊге болатын 10 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2 мыӊнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ал 2010-2015 жылдар ішінде жеӊіл өнеркәсіп өнімдерініӊ көлемі 2 есеге өсті. Яғни 11,2 млрд.теӊгеден 21,7 млрд. теӊгеге дейін өскен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны