01.12.2006, 09:59 2308

Изербайжан- Қазақстан бизнес форумы Астанада және Ақтауда 11-14 желтоқсан аралығында өтеді

БАКУ. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today. Изербайжан Қазақстан бизнес форумы Астанада және Ақтауда 11-14 желтоқсан аралығында өтеді. Форумды Изірбайжанның экономикалық даму министрлігінің қолдауымен AZPROMO ұйымдастырып отыр. Аталған шара Қазақстандағы ИР бастамасы бойынша өтеді.

Изербайжанның экпортты және инвестицияны ынталандыру қорының (AZPROMO) президенті Эмиль Меджидовтың журналистерге хабарлауынша, форумның бірінші бөлімі Астанада өтеді, ал Ақтауға Изербайжан делегациясы Бакуге қайтар жолда соғады. Форумға Изербайжан тарапынан 30 тарта компания қатысады, оның ішінде мұнай газ саласында қызмет көрсету тәжірибесі мол 10 компания бар.

Э.Меджидовтың айтуынша, форумның басты екі мақсаты бар мұнай газ саласындағы Изербайжан компанияларының қазақстандық жобаларға қатыстыруға және Батыс Қазақстанға ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін жеткізуге мүмкіндік жасау.

"Қазақстан тарапынан қатысушылардың ақпараты бойынша, елдің батыс өңірінде 200 мың тоннаға жуық азық түлік және ауыл шаруашылығы өнімінің тапшылығы байқалады. Оған өндірістің жоқтығы және осы өнім импортына бейімделмеу себеп. Оған қоса бұл аймаққа импорт тұрақты жетпейді, сондықтан да әзірбайжандық компаниялар үшін бұл үлкен нарық, бізде осы бағытты ұстанып көреміз",-деді Э.Меджидов.

Экспорт қызметіне қолдау көрсету - ішкі жалпы өнім қызметі мен транзитті келешекте 80% жеткізу мақсатында ел экономикасын жандандырудағы Изербайжан үкіметінің жоспары.

Бүгінгі таңда Изербайжан мен Қазақстан арасында 80 астам мемлекетаралық, ведомстоаралық және үкіметаралық келісімге қол қойылды. Экономиканың түрлі салаларындағы, оның ішінде мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны