31.01.2008, 17:48 6254

Изербайжан парламенті мен үкіметі халықтың кеңес дәуіріндегі салымдарын индексациялау тетіктерін жасауға ақпан айында кіріседі

Изербайжан парламенті мен үкіметі халықтың кеңес дәуіріндегі салымдарын индексациялау тетіктерін жасауға ақпан айында кіріседі

Баку. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан парламенті мен үкіметі бірлескен халықтың кеңес дәуіріндегі салымдарын индексациялау тетіктерін жасауға ақпан айында кіріседі, деп хабарлады экономикалық саясат жөніндегі парламент комиссиясының төрағасы Зияд Самедзаде сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында.

"Жаңадан құрылған парламенттік жұмыс тобы ақпан айының басында осы мәселені талқылау үшін республиканың Қаржы министрлігінің және министрлер кабинетінің өкілдерімен кездесу өткізеді. Кездесу мақсаты - салымдар бойынша индексациялауды жүргізу, оны жүргізу механизмін және тиісті заң жобасының дайындық жұмыстарын жасап шығару", - деді З. Самедзаде.

Парламенттік жұмыс тобы өткен жылдың желтоқсан айында индексациялауды жүргізу үшін заңнамалық негіздемені дайындауды жылдамдату үшін құрылған болатын.

Изербайжан үкіметі бұған дейін жалпы көлемі 600 млн АҚШ долларын жұмсап, халықтың кеңес дәуіріндегі салымдарын индексациялауды 2006 жылы бастап, 2014 жылы аяқтауды көздеген болатын. 2006 жылдың мемлекеттік бюджетінде кеңестік салымдарды индексациялау үшін 50 млн манат бөлінген. Алайда, бұл жұмысты жүргізу тетіктерінің болмауына байланысты қаражат игерілмей қалған. Индексациялау процессі Изербайжанның 2 млн азаматын қамтиды деп болжанып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны