03.06.2008, 17:03 2345

Изербайжанда биылғы жылы 50 млн тонна мұнай шығарылады - Алиев

Изербайжанда биылғы жылы 50 млн тонна мұнай шығарылады - Алиев

Баку. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанда биылғы жылы 50 млн тонна мұнай шығарылады, ал алдағы жылы оның көлемі 60 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Изербайжанның президенті Ильхам Алиев жыл сайын өткізілетін "Мұнай және газ 2008 , Каспийдің мұнайхимиясы және мұнай өңдеу" ("Caspian Oil & Gas 2008") атты 15-ші көрмесінің ашылу рәсімде сөз сөйлеген кезде баяндады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің елімізде үлкен табыс әкелетін мұнай секторы өте дамыған. Мемлекеттік валюталық қоры $10 млрд асады, болашақта оның мөлшері одан бетер артады. Изербайжандағы мұнайгаз ресурстары кемінде 100 жылға жетеді ", - деп атап өтті И. Алиев.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, Шах-Дениз кен орны игеріле бастағаннан кейін Изербайжан газды экспорттаушы елге айналды.

"Болашақта газ шығару көлемі ұлғайып, оны экспорттау географиясын да кеңейеді. Изербайжан кейбір мемлекеттер мен аймақтарға тиімді шарттар бойынша газ тасымалдау жобаларына қатысуға дайын. Қазірдің өзінде біз бірқатар мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырмыз", - деп түсіндірді ол.

"Caspian Oil & Gas 2008" көрмесіне әлемнің 33 мемлекетінің 380 компаниясы қатысып отыр. Көрменің жұмысы 6 маусымға дейін жалғасады. Көрме аясында 4-5 маусымда " Еуропаны қуат көздерімен қамтамасыз етуде Каспийдің мұнайгаз ресурстарының ролі" атты конференция өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны