05.02.2008, 18:35 2433

Изербайжанда мұнай мұражайы құрылатын болды

Изербайжанда мұнай мұражайы құрылатын болды

Баку. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанның президенті Ильхам Илиев мұнай мұражайы құру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының әкімшілігінен хабарлады.

"Бакуде мұнай мұражайын құру туралы шешім Изербайжанда мұнай өнеркәсібін дамытуды, мұнайдың ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлін және қазіргі уақытта республиканың әлеуеттілігінің, соның ішінде жалпы адамзат өркениетіне қосқан үлесінің өскендігін ескере отырып, сонымен қатар Изербайжанның мұнай тарихын зерделеу және осы салада нәсихаттау жүргізуді күшейту мақсатында қабылданған",- деп атап өтті ел президентінің әкімшілігіндегілер.

Изербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясына бір ай мерзімде мұнай мұражайын құру жөніндегі ұсынысты дайындап, мемлекет басшысына ұсыну тапсырылған. Дүниежүзінде бірінші мұнай ұңғымасы Изербайжанда Бакудің маңындағы Биби - Эйбат мұнай кенішінде 1847 жылы бұрғыланған болатын. Сондай-ақ, дүниежүзінде алғаш рет мұнай тасымалдау да Изербайжанда 1878 жылы "Қара қала" мен "Балаханы" мұнай кәсіпорындары арасындағы мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны