22.10.2007, 19:20 2764

Изербайжанда жаңа халықаралық теңіз порты салынады

Изербайжанда жаңа халықаралық теңіз порты салынады.

Баку. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан мемлекет басшысы Ильхам Илиев Аляты кентінде (Бакудің серікқаласы) жаңа халықаралық Баку теңіз портының құрылысын салу туралы үкімге қол қойды деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Құжаттың алғысөзінде айтылғандай, Алятыдағы жаңа халықаралық теңіз портын салу Баку - Тбилиси - Карс темір жолы коридорының жүк өткізгіштік қабілетін арттыруға және Бакудің орталығында орналасқан Баку халықаралық теңіз сауда портын (БХТСП) экологиялық тұрғыдан тазарту және қаладағы көлік қозғаласын жеңілдетуге бағытталған.

Үкім бойынша жаңа теңіз портын салуға тапсырыс беруші болып Көлік министрлігі тағайындалған. Бакудің атқарушы билігі мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетке Алятыдағы жаңа порт кешінінің құрылысына арналған жер телімін дайындау тапсырылды.

Министрлер кабинетіне Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау мен жаңа порт кешінінің құрылысына қаржы бөлуді қамтамасыз ету жүктелген.

Жаңа портты пайдалануға бергеннен соң Баку теңіз портының аумағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің құзырына беріледі.

Баку халықаралық теңіз сауда портының мәліметі бойынша Изербайжандағы бұл жаңа порт кешенінің құрылысы 2012 жылы аяқталады. Алятыда салынбақ жаңа порт кешінінің құны 400 млн. долларға бағаланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны