29.01.2007, 18:13 2460

Изербайжанның Қазақстанмен арадағы сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 232,8 млн АҚШ долларынан артып отыр

БАКУ. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Изербайжанның Қазақстанмен сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 232,8 млн АҚШ долларынан артып отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Изербайжанның Мемлекеттік кеден комитетінен хабарлады. 
 
Мемлекеттік кеден комитетінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасына шығарылған экспорттың үлесі 105,6 млн АҚШ долларын (барлық экспорттың 1,66 пайызы) құраса, импорт үлесі 127,2 млн АҚШ долларын (барлық импорттың 2,42 пайызы) құрап отыр. Қазақстанмен сауда айналымының қарсы сальдосы 12 ай ішінде 21,5 млн АҚШ долларын құрады. 
 
Изербайжанның ТМД елдерімен 2006 жылғы жалпы сыртқы сауда айналымы 3 млрд АҚШ долларын, немесе елдің сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінің (11,6 млрд АҚШ доллары) 26 пайызын құрады. 
 
Сондай-ақ, көрсетілген кезеңде ТМД елдеріне экспорт 929,7 млн АҚШ долларын (жалпы экспорттың 14,59 пайызы), ал импорт 2,1 млрд АҚШ долларын (жалпы импорттың 39,89 пайызы) құраған.  
 
Изербайжанның эксперт бойынша 2006 жылғы негізгі сауда серіктестігі Италия болып қала бермек. Оның үлесіне 2,8 млрд АҚШ доллары, немесе есеп беру кезеңіндегі барлық экспорт операцияларының 44,65 пайызы тиесілі. Келесі ретте Израиль – 684,8 млн АҚШ долларын (10,75 пайыз), Түркия – 388,1 млн АҚШ долларын (6,09 пайыз), Франция – 347,5 млн (5,45 пайыз) құраған. Ал, импорттық операциялар бойынша көшбасшы Ресей болмақ, яғни оның үлесіне 1,2 млрд АҚШ доллары (барлық импорттың 22,45 пайызы)  тиесілі. Келесі Ұлыбритания үлесіне – 453,7 мың АҚШ доллары (8,62 пайыз), Германия – 403,5 АҚШ доллары (7,66 пайыз), Түркия – 385 млн АҚШ доллары (7,31 пайыз), Украина – 317,4 млн АҚШ доллары (6,03 пайыз) тиесілі. 
 
Изербайжанның 2006 жылдың 12 айындағы жалпы экспорт көлемі 6,4 млрд АҚШ долларын құраса, импорт – 5,3 млрд АҚШ долларын құрап отыр. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны