02.02.2007, 15:00 2615

Изербайжанның мұнай өнімдерін экспорттауы 2007 жылдың қаңтар айында 27,3 пайызға төмендеген

БАКУ. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Изербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы 2007-жылдың қаңтар айында 140,6 мың тонна мұнай өнімдерін экспорттады. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 27,3 пайызға төмен, деп хабарлайды компания.

Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне компаниядан хабарлады.

Изербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясының ақпараттарына сүйенсек, экспорт құрылымындағы дизель отынының үлесі 118,516 мың тонна, авиакеросин - 19,845 мың тонна, автокөлік жанармайы - 2,180 мың тонна, алғашқы сатылы өңделген жанармай - 0,059 мың тоннаны құраған.

Изербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының ақпараттарына сүйенсек, қаңтарда автокөлік жанармайының сатылымы 482,08 АҚШ долларын (2006 жылы желтоқсанда - 548,58 АҚШ доллары), авиакеросин - 541,88 АҚШ долларын (605,5 АҚШ доллары), дизель отыны - 482,72 АҚШ долларын (546,95), ал мазут - 229,28 АҚШ долларын (254,38) құраған.

Изербайжанда барлығы екі мұнай өңдеу зауыты бар. "Азернефтяг" пен Гейдар Алиевтің атындағы Бакинск мұнай өңдеу зауыттарының біріккен мұнай өңдеу қуаты жылына 22 млн тонна. Екеуі де Изербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының құрамына кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны