27.02.2007, 16:29 3346

Изербайжанның ТМД елдерімен сыртқы тауар айналымы 2007-жылдың қаңтар айында $226,9 млн-нан асты

БАКУ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Изербайжанның ТМД елдерімен сыртқы тауар айналымы 2007-жылдың қаңтар айында $226,9 млн 914,4 мыңға жетіп, елдің жалпы сыртқы тауар айналымының 28,88%-ін құрады.

Изербайжанның мемлекеттік кеден комитетінен Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, өткен мерзімде ТМД елдеріне шығарылған экспорт көлемі $59 млн 825,3 мың (жалпы экспорттың 15,11%), импорт - $167 млн 089,1 мың (жалпы импорттың 42,89%) болды. ТМД елдерімен сауда айналымының кері сальдосы $107 млн 263,8 мыңға жетті.

ТМД елдеріне шығарылған экспорт құрылымында басты үлес қан және қантты өнімдерге (жалпы экспорттың 32,92%), минералды отын, мұнай, мұнай өнімдері мен битумды материалдар (23,84%), мал және өсімдік майлары (10,76%), жемістер (7,15%), мақтаға (3,80%) тиді.

Импорт құрылымында да минералды отын, мұнай және мұнай өнімдері (жалпы импорттың 34,42%), қара металдар (4,18%) және олардан жасалған өнімдер (13,08%), астық (10,96%), жер үсті көлік құралдары (9,08%) басым түсті.

Қаңтар айында ТМД-дан тысқары елдердің үлесіне $558 млн 689,7 мың , немесе елдің сыртиқы тауар айналымының 71,12% тиді. Соның ішінде ТМД-дан басқа елдерге шығарылған экспорт көлемі $336 млн 189,3 мың (жалпы экспорттың 84,89%), импорт - $222 млн 500,4 мың (жалпы импорттың 57,11%) болып, елде сауданың оң сальдосы $113 млн 689 мыңға жетті.

Экспорттың басым бөлігін минералды отын, мұнай және мұнай өнімдері , битумды материалдар (93,26%), алюминий және алюминий өнімдері (2,62%), бейорганикалық химия өнімдері (0,9%), жемістер (0,65%), қара металл (0,5%) иемденді.

Импорт құрылымында жабдықтар мен механикалық аспаптар (жалпы импорттың 30,03% ), қара металдан жасалған өнімдер (12,4%), электр машиналар мен оларға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер (8,36%), жер үсті көлік құралдары (8,32%), химиялық материалдар (6,34%) басым.

Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметтерінше, қаңтар айында экспорт саласында елдің басты сауда әріптесі ролін Италия (барлық экспорттық операциялардың 47,62%) сақтап қалды. Бұдан кейінгі орындарға Түркия (13,92%), Ресей (10,07%), Франция (9,54%), Иран (9,19%), Грузия (2,78%) тұрақтады. Импорттық операциялар бойынша жетекші елдердің ең алдында Ресей (жалпы импорттың 27,51%) тұр. Бұдан кейін Түркия (9,97%), Украина (8,54%), АҚШ(6,31%), Германия (6,29%), Жапония (4,86%), Қытай (4,74%) келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны