08.06.2012, 15:18 3492

V АЭФ қатысушылары G20 елдеріне ұсыныстар жазылған Ашық хатты жариялады

АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Серік Нөгербеков БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы отырысындағы бейресми кездесуде G20 қатысушы елдеріне ұсыныстар бар ашық хатты жариялады, деп хабарлайды V Астана экономикалық форумының баспасөз қызметі.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - V АЭФ қатысушылары G20 елдеріне ұсыныстар жазылған Ашық хатты жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Серік Нөгербеков БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы отырысындағы бейресми кездесуде G20 қатысушы елдеріне ұсыныстар бар ашық хатты жариялады, деп хабарлайды V Астана экономикалық форумының баспасөз қызметі.

"V Астана экономикалық форумының қорытындысы бойынша, G20 қатысушы елдеріне ұсыныстар бар ашық хат және АЭФ-на қатысушылардың БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунға үндеуі әзірленіп, тапсырылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ақпаратта аталып өтілгендей, ұсыныстарға 2012 жылы Мексиканың Лос-Кабостағы G20-ға төрағалығының экономикалық тұрақтандыру, қаржы жүйесін нығайту, жаһандану жағдайындағы халықаралық қаржылық сәулетті жақсарту, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту ме жасыл өсімнің тұрақты дамуына және климаттың өзгеруіне қарсы күреске көмектесу сияқты бес бағыты кіреді.

Сонымен қатар, ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының Үйлестіру кеңесінің өкілдері БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға және ірі халықаралық ұйым өкілдеріне 2013 жылы Астанада Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны өткізуге қолдау көрсету туралы өтініштерін білдірді.

Жалпы алғанда Бас хатшы Пан Ги Мун мен БҰҰ-ның жоғары қызметтегі өкілдері алға тартылған ұсыныстардың маңыздылығы мен көкейкестілігін атап өтіп, Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияны өткізуге қызығушылықтарын білдірді.

"Қазақстан Республикасының құрметті Елшісіне бізге өткен айда болған V Астана экономикалық форумының нәтижесі болып табылатын өте жақсы ұсыныстарын алға тартқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Және мен олардың назарға алынып, менің G20 көшбасшыларымен, сондай-ақ G20-ның Мексикадағы өкілдерімен талқыланған жолдауымның күн тәртібінде орын алатынына сенімдімін", - деп атап өтті Пан Ги Мун.

Естеріңізге сала кетейік, "Үлкен жиырмалық" елдерінің басшылары үшін ұсыныстары бар Ашық хаттың өңделуіне Форумның қатысушыларынан басқа әлемнің 40 елінен 70-тен астам сарапшы қатысты, G-Global виртуалдық коммуникативтік алаңы арқылы 200-ден астам толыққанды ұсыныстар алынды.

Ұсыныстар бекітілген бұл құжат ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан елордасында өткен V Астана экономикалық форумының қорытынды құжаты болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны