24.05.2012, 17:31 3249

V Астана экономикалық форумында инновациялық жобалар көрмесі ашылды

Тәуелсіздік сарайында инновациялық жобалар көрмесі ашылды. Арнайы құрылған сараптамалық комиссияның іріктеуінен өткен ең үздік инновациялық жобалар Қазақстанның өңір-өңірінен жиналған.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - V Астана экономикалық форумында инновациялық жобалар көрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тәуелсіздік сарайында инновациялық жобалар көрмесі ашылды. Арнайы құрылған сараптамалық комиссияның іріктеуінен өткен ең үздік инновациялық жобалар Қазақстанның өңір-өңірінен жиналған.

Көрмеге шамамен 30 инновациялық жоба қойылып отыр. Олардың қатарында Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының жеңімпазы Н.Құрманқұловтың "Өсімдіктің өсімін реттейтін құрылғы өндірісі" атты жобасы бар. Жоба ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сапасы мен алынатын өнім көлемін арттыру үшін өсімдік өсіруге арналған жоғары технологиялық өндіріс жасауға бағытталған.

Сонымен қатар көрмеге "Қазақтелеком" АҚ-ның "бизнес үшін дұрыс шешімдер" жобасы қойылған. Бұл қызмет түрін Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан 12 орталық базасына енгізу жоспарлануда. Жоба қолданысқа енгізілсе, компания бизнесі жұмыс істеу үшін капиталды салымға кететін шығынды оңтайландыра алады.

"Қазпошта" АҚ-ның GSM/GPRS каналдары арқылы компанияның корпоративті ақпараттық жүйесіне ықпалдастыра отырып, пошташылар мен курьерлерді ұялы коммуникаторлармен қамту туралы жобасы да қызығушылық оятады. Ұялы коммуникаторлардың көмегімен қарапайым мәліметтерден бастап, WiFi, Bluetooth немесе ұялы байланыс қызметін қолдана отырып, дауыстап хабарландыру қалдыруға болады. Сол арқылы қызметкердің жұмыс уақыты тиімді өтіп, қағазбастылық азаяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны