12.05.2009, 13:57 1629

Валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды - Марченко

Валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды - Марченко

Алматы. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстандағы валюта нарығындағы ахуал түбегейлі тұрақтанды, тыныштанды. Айрықша атап көрсететіндей алыпсатарлық шабуыл болған жоқ", - деді Г. Марченко.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің валюта сатып алуы оңды ағымға саналады. "Жалпы алғанда, биржа мен банкаралық нарықты алып қарайтын болсақ, біз шамамен $150 млн сатып алдық. Яғни, өткен жылдың аяғы мен осы жылдың басындағы ахуалмен салыстырғанда, Ұлттық банк валютаны үлкен көлемде сатқан болса, қазір біз сатып ала бастадық. Бұл ағым мамырда жалғасады", - деді Ұлттық банк басшысы.

"Теңге шамалы нығая түсуде, ал біз шамалы көлемде сатып алудамыз. Біздің сатып алып жатқанымыздың өзі оңды фактор болып табылады, ал оған дейінгі бірнеше айда біз тек таза сатумен шұғылдандық. Біздің пікірімізше, бірақ қазір ең бастысы - біздің дұрыс дәлізді таңдап алғанымыз дәлелдене түсуде. 150 теңге деңгейі - дәліздің орта шені дұрыс таңдап алынған және ол нарықтағы жалпы ахуалға сәйкестендірілген", - деді Г. Марченко.

Баспасөз баянына сәйкес, 2009 жылдың сәуір айында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,15 - 151,08 теңге аралығында өзгерді. 2009 жылдың сәуірінде теңге 0,4%-ға нығайды (жылдың басынан бері 24,8%-ға құнсызданды) және айдың аяғында биржалық бағам 1 АҚШ доллары үшін 150,64 теңге болды.

Ұлттық банк мәліметінше, сәуірде Қазақстан Қор биржасындағы операциялардың көлемі қосымша сауда-саттық мәмілелерін ескергенде 2009 жылдың наурыз айындағымен салыстырғанда 47,1%-ға азайып, $2,5 млрд (жыл басынан бері - $23,0 млрд) құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 0,9%-ға азайып, $2,9 млрд (жыл басынан бері - $23,0 млрд) болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны