05.02.2010, 11:12 1678

Валюталық дәліз бір АҚШ доллары үшін 127,5 - 165 теңге деңгейінде белгіленді - ҚР Ұлттық банкі

Валюталық дәліз бір АҚШ доллары үшін 127,5 - 165 теңге деңгейінде белгіленді - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 5 ақпаннан бастап бір АҚШ доллары үшін теңге бағамының ауытқу дәлізі 150 теңгеден +15/-22,5 теңгеге дейін кеңейтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2010 жылы теңгенің ауытқуларының дәлізі бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +15/-22,5 теңгеге дейін кеңейтіледі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2010 жылы теңгенің айырбастау бағамының таргеттелетін орташа мәні бір АҚШ доллары үшін 150 теңге деңгейінде сақталатынын хабарлайды. Сонымен бірге әлемдік тауар және валюта нарықтарындағы ахуалды ескере отырып, сондай-ақ бағам белгілеудің икемділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында теңгенің ауытқуларының дәлізі +15 теңге (немесе 10%) және -22,5 теңге (немесе 15%) дейін кеңейтіледі.

Теңге бағамының динамикасындағы басым үрдістер АҚШ долларының еуроға қатысты бағамының, Ресей рублінің осы екі валютаға қатысты бағамының динамикасына, Қазақстан Республикасының негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы төлем балансының жай-күйіне байланысты болады.

Бұл дәліз 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап 2011 жылғы 20 наурызды қоса алғанда белгіленеді. Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының таргеттелетін мәнін және/немесе ауытқулары дәлізінің шектерін өзгерту әлемдік валюта және тауар нарықтары көрсеткіштерінің динамикасындағы ұзақ мерзімді үрдістердің күрт өзгеруі кезінде ғана ықтимал.

Еске сала кетейік, қазіргі валюталық дәліз - бір доллар үшін 150 теңге, плюс-минус 3%, немесе 5 теңге - 2010 жылы да сақталады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті.

"Біздің пайымдауымызша, қазіргі валюталық дәліз 2010 жылы да сақталады ", - деді Г. Марченко.

Оның айтуынша, орта мерзімді перспективада "бұл дәліз ұлғайтылуы да мүмкін". "Түпкілікті есептер дайын болған кезде біз, әрине, оны, орта мерзімде дәліздің шектері қандай болатынын жария етеміз. Жалпы алғанда, валюталық дәліз саясатынан бас тартуды біз жоспарлап отырған жоқпыз. Валюталық дәліз саясаты өзінің оң нәтижесін берді деп қазір де айта аламыз және оны 2010 жылы да сақтап қаламыз", - деді ол.

ҚР Ұлттық банкі 2009 жылдың 4 ақпаннан бастап бір доллар үшін 120 теңге деңгейіндегі айқын емес дәлізде ұстап тұруды доғарды. Валюталық дәліз - бір доллар үшін 150 теңге, плюс-минус 3%, немесе 5 теңге болып белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны