13.02.2007, 13:50 3102

"Валют-Транзит" банкінде қалған Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры қаржысының бір бөлігі қайтарылуы мүмкін - Келімбетов

АСТАНА. 13-ақпан. Kazakhstan Today. "Валют-Транзит банкі" АҚ-ында қалған Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры қаржысының бір бөлігі қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы "Қазына" қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов үкіметтің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір несиегерлермен шартты орналастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде, демек, қаржының бір бөлігі қайтарылуы мүмкін",- деді Қ.Келімбетов.

"Қор "Валют-Транзит банкі" АҚ-ның облигацияларына инвестиция жұмсаған, сонымен бірге, 3,5 млрд теңге көлемінде шартты орналастыру бағдарламасын жүзеге асырған",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны