19.08.2016, 13:08 4055

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтеді

Aғымдағы жылғы 23 тамыз күні Варшава қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтыӊ мемлекеттік сапары шеӊберінде екі елдіӊ ресми тұлғалары мен іскер топтарыныӊ қатысуымен Қазақстан-Польша бизнес-форумын өткізу жоспарлануда.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Aғымдағы жылғы 23 тамыз күні Варшава қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтыӊ мемлекеттік сапары шеӊберінде екі елдіӊ ресми тұлғалары мен іскер топтарыныӊ қатысуымен Қазақстан-Польша бизнес-форумын өткізу жоспарлануда, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Польша жағынан көлік және логистика, құрылыс, денсаулық сақтау , ауыл шаруашылығы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі және т.б. салалардыӊ бизнес өкілдерін қоса, 200-ден астам адам қатысады.

Іс-шараныӊ мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасыныӊ іскерлік топтарыныӊ сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру, сонымен қатар поляк инвесторлары үшін 2015-2019 жылдарға арналған Казақстанныӊ индустрияландыру бағдарламасы және мемлекеттік қолдау шараларын таныстыру болып табылады.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны