22.04.2014, 20:14 3972

Ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы КО Келісімі АӨК-ге оң әсер берді - М.Тайтубаев

Бүгінде Қазақстанның кез-келген аймағында берілген ветеринарлық сертификаттар Ресей мен Беларусияның барлық аймағында жұмыс істейді. Бұдан басқа, жағымды жаңалықтардың бірі Кедендік одақ аясында тіркелген препараттарды пайдалану болып табылады.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы интеграциялық процестердегі ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы КО Келісімі қазақстандық ветеринарияға оң әсер етті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ветеринарлық тексеру және бақылау комитетінің төраға орынбасары Мереке Тайтубаев мәлімдеді.

"Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы интеграциялық процестердегі ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы КО Келісімі қазақстандық ветеринарияға оң әсер етті. Бұл әсіресе мал шаруашылығы өнімдерінің саудасында өз жемісін беруде. Аталмыш келісім біздің елдеріміз арасындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік берді. Біріншіден, ветеринарлық сертификат беру жеңілдетілді. Бұл Кедендік Одақтың үш мемлекеті арасында жүзеге асырылады. Келісімнің күшіне енгенінен кейінгі нәтижені салыстыратын болсақ, айтарлықтай жетістіктерді байқаймыз. Келісім түзілгенге дейін 6 құжатты рәсімдеу керек болатын. Соның ішіне үш елің де рұқсаты талап етілетін. Қазір тек Қазақстанның берген рұқсаты жеткілікті. Бұл КО елдерінде реестрден өтуге мүмкіндік береді", - дейді М.Тайтубаев.

Сонымен қатар ол, ветеринарлық сертификаттарда қайта рәсімдеу шараларының жеңілдетілгенін тілге тиек етті.

"Бүгінде Қазақстанның кез-келген аймағында берілген ветеринарлық сертификаттар Ресей мен Беларусияның барлық аймағында жұмыс істейді. Бұдан басқа, жағымды жаңалықтардың бірі Кедендік одақ аясында тіркелген препараттарды пайдалану болып табылады. Егер осы келісімге қол қойғанға дейін тағыда қасымша тіркеуден өту керек болса, енді тіркелген ветеринарлық препарат КО мүше елдердің барлығында бірдей жарамды", - деп М.Тайтубаев түсіндіріп өтті.

"Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге оң әсер етті, енді олар аталмыш препараттарды белсенді сатып алуда", - деп ол толықтырды.

Айта кетейік, 2009 жылдың 11 желтоқсанында ветеринарлық - санитарлық шара бойынша Кедендік одақ келісімі қабылданған болатын. Ол ветеринарлық қызметтің негізгі құжаты болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны