06.05.2013, 11:52 4248

VI Астана экономикалық форумы шеңберінде инновациялық кластерлерді қалыптастыруды талқылау жоспарланған

VI Астана экономикалық форумы щеңберінде инновациялық орталықтардың жетекші өкілдері және инновация саласындағы топ-менеджерлер инновациялық кластерлерді қалыптастыруды талқылайды, деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 6-мамыр. Kazakhstan Today - VI Астана экономикалық форумы шеңберінде инновациялық кластерлерді қалыптастыруды талқылау жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

VI Астана экономикалық форумы щеңберінде инновациялық орталықтардың жетекші өкілдері және инновация саласындағы топ-менеджерлер инновациялық кластерлерді қалыптастыруды талқылайды, деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

"VI Астана экономикалық форумы щеңберіндеҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ бірлесіп "Индустриялық революция - "жасыл" экономикаға көшу" атты панелдік сессиясын өткізеді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сессия барысында "жасыл" экономиканың негізгі сипаттамалары, оның даму жолындағы кедергілер, шет елдерінің жаңа экономикалық үлгіге ауысу бойынша озық тәжірибесі, сондай-ақ экономиканы жаңғырту мен тұрақты дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланады.

Талқылау нәтижесінде Рио+20 Саммитінің шешімдерін іске асыруға бағытталған одан әрі жасалатын практикалық қадамдар бойынша ұсынымдары бар бұрыштамаларды әзірлеу жоспарланып отыр.

Бұл шара қазақстандық және шетел сарапшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Сессия жұмысына 100-ден аса адам қатысады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында сессияның ұйымдастырушылары G-global ақпараттық-коммуникативтік алаңында он-лайн конференцияны өткізуді көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны