14.05.2014, 21:49 3075

VII АЭФ аясында бірқатар ірі көрме өтеді - С.Нөгербеков

VII Астана экономикалық форумы аясында индустриялық -инновациялық блокқа арналған бірқатар ірі көрме өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, "Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков мәлімдеді.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. VII Астана экономикалық форумы аясында индустриялық -инновациялық блокқа арналған бірқатар ірі көрме өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, "Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков мәлімдеді.

"Биыл 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыртқы саясат тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада АЭФ біздің елдің басты сыртқы-экономикалық басымдылығы ретінде көрсетілген. Аталмыш тұжырымдаманы іске асыру аясында биыл біз ірі "Kazakhstan Investment Expo 2014" көрмесін өткіземіз.Бұл көрмеге онлайн жүйеде дайындалып, G-Global платформасында шамамен 400 жоба орналастырылған ғаламтор көрмесі жұмыс істейді. Көрме мамыр айының 21-23 аралығында өтеді", - дейді ол.

Оның айтуынша, АЭФ аясында "ASTEX" ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дәстүрлі көрмесі өтеді. Сонымен қатар, "Қазақстан транзит 2014" үшінші көрмесі жоспарланған.

"Барлығы үш ірі көрме және шамамен 10 шақты панельді секция инвестиция тарту мен біздің елдің экономикасына инновация тартуға арналады", - дейді ол.

Сонымен қатар, сенатор үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы таныстырылатын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұйымдастыратын Инвестициялық форумы секциясына тоқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны