15.01.2014, 19:10 3403

VII Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция 2014 жылдың мамыр айында өтеді

VII Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында өткізіледі, деп мәлімдеді бүгін орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде АЭФ атқарушы органының вице-президенті Мақсат Құрбенов.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. VII Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында өткізіледі, деп мәлімдеді бүгін орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде АЭФ атқарушы органының вице-президенті Мақсат Құрбенов.

"Биыл Астана экономикалық форумы бағдарламасы 45 ірі шараларды қамтиды. Олар 53 біріккен ұйымдар тарапынан ұйымдастырылады. Соның ішінде 38 отандық, 15 шетелдің ұйымдары бар. Атап айтар болсақ, олардың ішінде БҰҰ, Халықаралық Валюта қоры, Көші-қон бойынша халықаралық ұйым және басқалар бар", - дейді М.Құрбенов.

Аталмыш шара бағдарламасы форум сайтына қойылған.

"Қазіргі таңда АЭФ мен антидағдарыстық конференцияға қайта тіркеу ашылды. Бүгінге дейін 1000 шақты адам өтсе, олардың қатарында саяси және қоғам қайраткерлері, әлемге танымал ғалымдар мен бизнес-көшбасшылар және БАҚ өкілдері бар", - деді ол.

Құрбеновтың айтуынша, шараның негізгі бөлігі ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылатын кәсіпкерліктің дамуына арналмақ. Сонымен қатар, Экономикалық бизнес-форум 2014 жылы аталмыш форумның басты шарасы болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны