25.05.2012, 10:37 3386

VII Инновациялық конгрестің қорытындысы бойынша 23 меморандумға қол қойылды

V Астана экономикалық форумының аясында өткен VII Инновациялық конгрестің қорытындысы бойынша 23 меморандумға қол қойылды. Қол қойылған келісімдерден күтілетін экономикалық тиімділік 100 млн. доллардан астам сомаға бағаланып отыр.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - VII Инновациялық конгрестің қорытындысы бойынша 23 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

V Астана экономикалық форумының аясында өткен VII Инновациялық конгрестің қорытындысы бойынша 23 меморандумға қол қойылды. Қол қойылған келісімдерден күтілетін экономикалық тиімділік 100 млн. доллардан астам сомаға бағаланып отыр, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мәселен, "Қазақтелеком" АҚ пен "Транскосмос Америка Инкорпорэйшн" арасында өзаратүсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Оған сәйкес "Қазақтелеком" АҚ-да инновациялық ІТ-қызметтерді енгізу, дамыту және қаржыландыру, сонымен қатар иннвациялық ІТ-қызметтерді дамыту үшін ақпараттық және технологиялық қолдау көрсету бағытындағы бірлескен жұмыстар жүргізіледі.

Ал "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пен Трансмашдизель және General Electric арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум бойынша тараптар Астана индустриалды аймағында бірлескен дизельді локомотив моторын құрастыру зауытын құру жобасын жүзеге асыруды қарастырады.

Сондай-ақ "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ мен Транскосмос Америка Инкорпорэйшн компаниясы арасында өзаратүсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес бизнес call-орталықтарды дамыту саласындағы ынтымақтастық, ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу және Инфокоммуникациялық технологияларды дамыту қоры үшін техникалық және консультациялық сараптама ұсыну көзделеді.

Естеріңізге сала кетейік, V Астана экономикалық форумының аясында 23-23 мамырдаТәуелсіздік сарайында "Инновациялық бизнес - бәсекеге қабілетті экономикаға жол" тақырыбына арналған VII Инновациялық конгресс өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны