13.06.2019, 22:35 8885

"WECON-Women Entrepreneurship Conference '19" конференциясының екінші кезеңі өткізілді

WECON конференциялары - әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған іс-шаралардың инновациялық форматы. Жоба Қазақстанның өңірлерінде әйелдер бизнесінің экономикалық әлеуетін дамытуға бастама болды. Биыл WECON конференциясы 7 қалада өтті, олар: Ақтау, Петропавл, Павлодар, Тараз, Көкшетау, Талдықорған және Қызылорда.

Нұр-Сұлтан. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) өңірлердегі шағын және орта бизнесті басқаратын кәсіпкер әйелдер үшін "WECON-Women Entrepreneurship Conference '19" конференциясының екінші кезеңін өткізді.

WECON конференциялары - әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған іс-шаралардың инновациялық форматы. Жоба Қазақстанның өңірлерінде әйелдер бизнесінің экономикалық әлеуетін дамытуға бастама болды. Биыл WECON конференциясы 7 қалада өтті, олар: Ақтау, Петропавл, Павлодар, Тараз, Көкшетау, Талдықорған және Қызылорда.

Конференцияға сауда және білім беру қызметтерінен бастап жеңіл өнеркәсіпке дейін түрлі салалардағы бизнесті басқаратын 300-ден астам іскер әйелдер қатысты. Қатысушылардың жас санатын биыл 37% 20-35 жас аралығындағылар, 45% 36-50 жас, ал қалған 18% 50 жастан асқандар құрады.

WECON'19-дың басты артықшылығы - бұл тәжірибелі шетелдік және қазақстандық кеңесшілер мен сарапшылардың көмегін тарта отырып ЕҚДБ қолдауымен бизнесті дамыту. Кеңесшілердің міндеті компанияны диагностикалау, әлсіз және күшті тұстарын анықтау, мәселелердішешуге көмектесу болып табылады. Бұдан басқа, қатысушылар өздерінің ісін дамыту аясында ала алатын ШОБ қолдау бағдарламалары туралы, тәлімгерлік және серіктестіктің басқа да опцияларытуралы толығырақ білді.

"Бүгінгі таңда осы маусым аясында конкурсқа қатысуға ұсыным қалдырған қатысушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Бизнес-ханымдар тікелей ұйымдастырушылармен бірігіп әрі қарай ынтымақтасу үшін байланыста бола алатын, және ЕҚДБ мен банк серіктестерінің алдағы іс-шаралары туралы ақпараттар алу үшін хабарламалар чатына қосылды.Бұдан басқа, ЕҚДБ тарапынан бизнесті дамыту бойынша қолданыстағы қызметтер жекелеген тәртіпте ұсынылатын болады", - деп түсіндірді ЕҚДБ"Шағын бизнеске арналған кеңестер"бағдарламасының ұлттық менеджері Алма Қасымова.

Конференцияда сторителлинг бөлімдеріндегі баяндамашылар, кәсіпкерлерлікті нөлден бастап құру тәжірибесімен шабыттандырған аймақтардағы бизнес-ханымдар құнды кәсіптік кеңес пен тиімді бизнес құралдарымен бөлісті, сондай-ақ ЕҚДБ бағдарламаларына және бірлескен жұмыс нәтижелеріне қатысқандығы туралы әңгімелеп берді. Мысалы, Ақтаудағы "АНЕСКОМ" компаниясының директоры Әлия Иманғалиеваның оқиғасы шынымен шабыттандырады.

Оның компаниясы Батыс Қазақстан аумағында жарық өткізгіш құрылымдарды өндіру және монтаждау бойынша құрамдас бөлшектерді жеткізушілидер компаниялардың бірі болып табылады. Кәсіпкер шағын компанияны ірі кәсіпорынның көлеміне дейінқалай өсіргені туралы, түрлі қалаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің үлкен тобын қалай тиімді басқаруға және жоғары сапалы өнім мен сапалы қызмет көрсету арқылы нарықта тұрақты позицияны қалай ұстауға болатыны туралы әңгімелеп берді.Сонымен қатар, Ақтауда өткен конференцияда Әлия сауда жүйесін құру бойынша консалтингтік бағдарламаның бір бөлігі ретінде ЕҚДБ-менжұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті және бірлескен жұмыс нәтижелерін ұсынды.Осылайша, ЕҚДБ кеңесшілеріжәне"АНЕСКОМ" компаниясы сатылымды жылына 319 млн. теңгеден 3 млрд. теңгеге дейін ұлғайта алды, бұл 310% құрады, сондай-ақ 3 жыл ішінде табысты ынтымақтастық барысында клиенттер базасын 191% ұлғайтты.

"WECON конференцияларының алғашқы маусымы осындай іс-шаралардың өзектілігін көрсетті - өткен жылы конференцияларға түрлі салалардағы 337 кәсіпкер әйелдер қатысты. Конференцияның маңызды міндеттерінің бірі өңірлікәйелдер іскерлік-қауымдастығын дамыту болып табылады. Биылғы жылы 7 қаламыз болғанымен, қатысушылардың жалпы саны 309-ға дейін төмендеді.

Бұл маусымдағы қалалардың тұрғындары өткен жылғыдан әлдеқайда төмен болғандығы, сондай-ақ, бірінші маусымнан айырмашылығы осы жылы конференция өткен қалаларда ЕҚДБ аймақтық кеңселері жоқ екенін ескеру керек. Сонымен қатар, өткен жылдан бері WECON сайтының дамуын бақылап өз қалаларында конференцияны күткен қатысушылардың болғанына қуаныштымыз", - деп түсіндірдіWECON жобасының операторы Лейла Махмудова.

Жоба жетекшісінің айтуынша, қатысушылардың қаржыландыру мәселелеріне сондай-ақ, бизнесті қолдау мүмкіндіктері мен кеңесшілердің көмегін тартуға қызығушылықтары, осындай конференциялар өткізудің өзектілігін көрсетеді.

"Бизнес-қоғамдастықтар дамуының жоғары қажеттілігін ескере отырып, биылғы жылы спикерлермен бірлесіп, қатысушыларды бір-бірімен таныстыру мақсатында көп уақыт алған команда құрудың бағдарламаларын дайындадық, сондай-ақ басты екпін жергілікті кәсіпкерлердің маңызды сұрақтарына жауап берген Алматы мен көршілес елдерден шақырылған кеңесшілерге қойылды.ШОБ секторында кездесетін негізгі проблемалар -ол, қолдау бағдарламалары туралы хабарсыз болу, екінші деңгейлі банктердің несиелендіру мәселелері бойыншабюрократиялық үдерістерінің ұзақ болуы, сондай-ақ өңірлердегі білікті мамандар мен кеңесшілердің жетіспеушілігі", - дейді Лейла Махмудова.

Конференция бағдарламасына, өңірлік бизнес-қауымдастық өкілдерімен ЕҚДБ серіктестері: "Даму" Қоры, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "ForteBank" АҚ, "KMF" МҚҰ, "Шинхан Банк Қазақстан" АҚ және "Kassa Nova Bank" АҚжәне т.бпікірталастар, сондай-ақ халықаралық мәртебесі бар сертификатталған бизнес-жаттықтырушылар компанияларда сатудың тиімділігі мен деңгейін жоғарылату бойынша бағдарламалар әзірлеп, жобалар бойынша кезең-кезеңмен іске асыру стратегиясын әзірлеу арқылы мақсаттар мен міндеттерді құрылымдауға көмектескен бизнес-тренингтер кірді.

Өткен маусымдағыдай ұйымдастырушылар,ашық түрде, спикерлердің сөз сөйлеуі туралы толық видеолармен YouTube-тан ашылған арнайы арнада бөлісетін болады, оның мақсаты әрбір кәсіпкерге пайдалы іскерлік мазмұнды жеткізу және жаңа жетістіктерге ыңталандыру болып табылады.

ЕҚДБ-нің "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы туралы.

"Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы Қазақстанда2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚДБ арқылы қаржыландырылады.

ЕҚДБ-нің "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасының мақсаты төменде көрсетілген қаржылық және консультациялық құралдарға қол жеткізу арқылы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру және қолдау болып табылады:

1.Консалтингілік жоба құнының 60% (10 000 евродан аспайтын) көлемінде консалтингтік және коучтік жобаларға арналған шығындардың орнын толтыру (бизнес жоспарлау, маркетинг, HR, PR, компьютерлік жүйелерді енгізу, процестерді басқару, сапаны басқару және басқалар).

2.Даму қорының ставкаларға кепілдік беру және субсидиялау мүмкіндігімен ЕҚДБ-ға серіктес-банктер:БЦК, Shinhan Bank, Forte Bank, Kassa Nova Bank және KMF-тен сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктері үшін теңгемен несие алу (жаңа несие немесе ағымдағы несиені қайта қаржыландыру).

3.Бүкіл Қазақстан бойынша: әйелдердің көшбасшылығы, қаржы менеджменті, интернет-маркетинг, бизнесті автоматтандыру және кішігірім/отбасылық бизнесті басқару бойынша тренингтер.

4.Бизнесіңіздің онлайн-диагностикасы, бизнестің күшті тұстарын анықтауға және одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін тегін құрал, сондай-ақ компанияның жұмыс көрсеткішін елдегі орташа көрсеткіш деңгейімен салыстыруға мүмкіндік береді. Диагностикадан келесі сілтеме бойынша өтуге болады:www.ebrdwomeninbusiness.com

5.9 ай бойы қатысушылар тегін, тәжірибелі тәлімгер, бизнес иесі немесе бизнес басшысымен өзара әрекеттесетін тәлімгерлік бағдарлама.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны