17.02.2020, 18:34 9683

Қырғызстанның ДСҰ-ға Қазақстанның үстінен шағым түсіруі бойынша түсініктеме

Экспорттық бақылау және жанама салықтарды алу шеңберінде жүргізілетін бақылау іс-шаралары тоқтатылмауына қарамастан, 2020 жылғы ақпанда автокөлік құралдарының орташа шоғырлануы шамамен 30 бірлікті құрайды.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстанның ДСҰ-ға Қазақстанның үстінен шағым түсіруі бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.

Онда былай делінген:

"Қазақстан тарапы 2019 жылдың басынан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының 37 автомобиль өткізу пункттерінде қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлардың өткізілуіне бақылау жүргізілетінін хабарлады.

Бұл ретте шекаралық және экспорттық бақылау мәселелері ЕАЭО туралы шартпен реттелмейді, өйткені олар экономикалық интеграцияны қозғамайды.

ЕАЭО туралы шарттың 71-бабының 1-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарларға тауарлар импортталатын аумақтың салық органдары өндіріп алатын жанама салықтар салынады.

Жанама салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету үшін салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаттарын реттейтін мүше мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден салық органдарына импортталатын жүктер бойынша мәліметтер экспорттық бақылау бөлімшесі мониторингінің нәтижелері бойынша түседі.

Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына өткізу кезінде тауарға ілеспе құжаттарды талдау нәтижелері бойынша тасымалданатын тауарлардың бағасы бірнеше рет, атап айтқанда, Қытайда өндірілген тауарлар бойынша 10-70 есе төмендетілгендігі анықталды.

2019 жылы қырғыз тарапынан Қазақстан Республикасының жалған резиденттерінің атына ресімделген тауарға ілеспе құжаттар бойынша 2,6 мыңнан астам жүк автокөлік құралдары келген.

Бұдан бөлек, құжаттарға сәйкес Ресей Федерациясы транзиті ретінде тіркеліп, Қазақстан аумағына 4,8 мыңнан астам жүк көлігі әкелген тауарлар қосымша құн салығын төлеусіз қалып кеткен.

Тек қараша және желтоқсан айларында ғана іріктеп тексеру жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасынан бет алған 194 көлік құралдары артқан жүктердің 191-нің (98%) құжаттарында тіркелген мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталды.

Бұл ретте тексерулер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 142 және 155-баптарына сәйкес Прокуратура органдарында тіркелген нұсқамалар негізінде жол жүру жолы бойынша жүргізілді.

2019 жыл ішінде ҚР ҚМ МКК және ҚРҮ жанындағы МКҚ бірқатар жұмыс кездесулері өткізіліп, баға индикаторларын қамтамасыз ету, Қытай Халық Республикасынан импорт көлемін бақылау және навигациялық пломбаларды қолдану арқылы тауарлардың өткізілуін бірлесіп бақылау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан тарапы 2019 жылғы қазаннан бастап навигациялық пломбаларды қолдана отырып жүргізілетін Пилот шеңберінде Ресей Федерациясына кетеді деп мәлімделген тауарлар Қазақстан Республикасының базарлары аумағында болған 8 заң бұзушылық фактісін анықтады. Навигациялық пломбаларды ілгеннен кейін тауарларды одан әрі өткізуден бас тартудың 24 фактісі тіркелді.

Сонымен қатар, қырғыз тарапы навигациялық пломбаларды енгізу процедурасын жүзеге асырып жатқан жоқ.

Қазақстан-қырғыз шекарасында автокөлік құралдарының жиналуы жеміс-көкөніс маусымында немесе жүк автокөлік құралдары бір мезгілде келген кезде мереке күндерінен кейін автомобиль өткізу пункттерінің өткізу қабілетінің шектелуімен байланысты.

Болашақта бұл мәселе өткізу пункттерін қайта жаңарту арқылы жоспарланып шешіледі, бұл ретте ол жүйелі сипатқа ие емес және жүргізілетін бақылау іс-шараларымен байланысты емес.

Экспорттық бақылау және жанама салықтарды алу шеңберінде жүргізілетін бақылау іс-шаралары тоқтатылмауына қарамастан, 2020 жылғы ақпанда автокөлік құралдарының орташа шоғырлануы шамамен 30 бірлікті құрайды.

Сондай-ақ, Қазақстан тарапы Қырғыз тарапы жанама салықтарды әкімшілендіру бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдана отырып және Қырғыз Республикасының өткізу пункттеріне жақын орналасқан тауарларды есепке алу пункттері арқылы ұқсас түрде жүзеге асырылатынын атап өтті".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны