17.06.2019, 19:47 9427

Қытай азаматының Қазақстаннан декларацияланбаған 10 млн. теңгеден астам қолма-қол ақша қаражатты өткізу фактісі анықталды

"Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп, Алматы облысындағы "Қорғас" ШЫХО бақылау өткізу пунктінде 1969 жылы туған ҚХР азаматын ұстады. Тінту кезінде азаматтан декларацияланбаған жалпы сомасы 10 438 185 теңгені құрайтын қолма-қол ақша қаражаты табылды.

Нұр-Сұлтан. 17 маусым. Kazakhstan Today - Қытай азаматының Қазақстаннан декларацияланбаған 10 млн. теңгеден астам қолма-қол ақша қаражаты өткізу фактісі анықталды.

"Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп, Алматы облысындағы "Қорғас" ШЫХО бақылау өткізу пунктінде 1969 жылы туған ҚХР азаматын ұстады. Тінту кезінде азаматтан декларацияланбаған жалпы сомасы 10 438 185 теңгені құрайтын қолма-қол ақша қаражаты табылды.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігі "Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген және жазбаша декларациялауға жататын қолма-қол шетел валютасын декларацияламау немесе дұрыс декларацияламау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны