05.09.2026, 09:34 42430 / 7956

Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы жүк тасымалдау мерзімі үш тәулікке дейін қысқаруы мүмкін

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы 5,6 есе өсті
Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы жүк тасымалдау мерзімі үш тәулікке дейін қысқаруы мүмкін
Сурет: Depositphotos
Жаңа автомагистральдар салу есебінен Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы жүк жеткізу уақытын үш тәулікке дейін қысқарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

"2026 жылы 3,4 мың шақырым жол салынып, республикалық маңызы бар 5 мың шақырымға жуық және жергілікті маңызы бар 2,4 мың шақырым жол жөнделуде. Жаңа магистралдарды жүзеге асыру Қытай - Еуропа бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк жеткізу уақытын үш тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетілген хабарламада.


Сонымен қатар, бес жылда шамамен 5 мың шақырым теміржол салынды және жаңғыртылды. Үкіметтің мәліметінше, транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жетті.

"Сонымен қатар жаңа теміржол желілерінің құрылысы жалғасып, жылжымалы құрам жаңартылуда. Теміржол вокзалдарын жаңғырту аясында 124 нысан қайта жаңартылуда. Оның ішіндегі 100 вокзалда жөндеу жұмыстары аяқталды", - деп хабарлады үкіметтен.


Сондай-ақ, Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы 5,6 есе өсті.

"Соңғы бес жылда тасымал көлемі 800 мың тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін өсті. 2030 жылға қарай Қазақстан теңіз порттарының өткізу қуатын 21,8 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ақтау және Құрық порттарын дамыту жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Бұдан бөлек, елімізде E-Joldar және Smart Cargo жүйелері, көлік ағындарын цифрлық бақылау және интеллектуалды логистикалық шешімдер дамып келеді.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтар бір жылда Қытайдан шамамен 10 мың тонна тауарға тапсырыс берген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны