03.03.2020, 23:10 7108

Қызылорда облысының дүкендерінде ішек таяқшалары бар өнімдер анықталды

Барлық сынамаларды халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Қызылорда облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сатып алған.

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының дүкендерінде ішек таяқшалары бар өнімдер анықталды.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК "Ұлттық сараптама орталығының" Қызылорда облысы бойынша филиалына 2020 жылдың 2 ай ішінде сараптамаға 607 үлгі, оның ішінде азық-түлік өнімдері, парфюмерия, тұрмыстық химия тауарлары жеткізілді.

Барлық сынамалар халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Қызылорда облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен сатып алынды.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінде ҰСО мамандары 37 сынамада келесі сәйкессіздіктерді анықтады:

oсынамадағы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік: құс еті, бройлер балапандарының сирақтары, бройлер балапандарының ұшасы, кондитерлік өнімдер, пісірілген шұжық;

oфизикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша нормадан ауытқу 6 сынамада тіркелді: ас тұзы, бройлер балапанының балтыры;

oтүскен 22 сынамада құрамы, жарамдылық мерзімі, өндіруші және сақтау шарттары туралы мәліметтер көрсетілмеген: балалар тағамы,кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар, ет, құс еті, май майы, консервілер, сүт өнімдері, парфюмерлік-косметикалық өнімдер.

Сонымен қатар, ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталған 5 үлгіде сәйкессіздіктер тіркелді:

oбройлер-балапанының сирақ еті, мұздатылған, "УСА" ЕҚК ЖШҚ Ресей Федерациясы;

oбройлер-балапанының сирақ еті, мұздатылған, "Серволюкс Агро" ЖАҚ, Беларусь Республикасы;

oбройлер балапаны "Алатау құс" АҚ, отандық өнім;

oтартылған ет, майымен "Керемет ет", ЖК "Алменов", отандық өнім;

oпісірілген шұжық "Мұсылмандық" "АМАНАТ", ЖК "Ниет", отандық өнім.

Техникалық регламенттер талаптарының анықталған сәйкессіздіктері бойынша барлық жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Барлық анықталған сәйкессіздіктер "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде жарияланды".

Сондай-ақ, ҰСО сантарлық дәрігерлер тұтынушыларға азық-түлік сатып алу кезінде өнімнің сыртқы түріне, қаптамадағы тиісті ақпараттың болуына, жарамдылық мерзіміне, сапасын растайтын құжаттардың болуына және ет өнімдерін ағынды сумен дайындау алдында мұқият жууға және термиялық өңдеуге кеңес береді, деп хабарлайды ҚР ДСМ ТКҚСҚБК "Ұлттық сараптама орталығы" баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны