20.07.2019, 19:32 13473

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 45836 мың АҚШ долларын құрады

2018 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 1,5 есе көп, соның ішінде экспорт - 28946,1 мың АҚШ доллары (2,3 есе көп), импорт - 16890 мың АҚШ доллары (7,5% кем).

Қызылорда. 17 шілде. Kazakhstan Today - Алдын-ала деректер бойынша биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 45836 мың АҚШ долларын құрады.

2018 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 1,5 есе көп, соның ішінде экспорт - 28946,1 мың АҚШ доллары (2,3 есе көп), импорт - 16890 мың АҚШ доллары (7,5% кем).

Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 62,7%), минералды өнімдер - 31,1% (тұз - 27,6%, табиғи құмдар - 2,8%, мұнай өнiмдерi - 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар - 6,1% (күріш - 4,6%, жас немесе мұздатылған балық 1,5%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 36,1%), химиялық өнеркәсіп өнімдері - 18,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар - 14,2%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар - 14,2%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары - 5,1%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары - 4,3%, минералды өнімдер - 2,4% әкелінді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны